111. Байтұрсынов Дәулетияр (1872-1937) – имам әрі ишан, Жымпиты уезі Жақсыбай болысынан, РСФСР Конституциясының 65 бабы және ҚазОАК-тың 1925 жылғы 9 мамырдағы нұсқаулығы бойынша дін өкілі ретінде сайлау құқынан айырылған (БҚОМА, №24 қор, №4 тізбе, №567 іс); Орал облысы Қаратөбе ауданы Сабынкөл ауылында туған, қазақ. 1937 жылы 6 қыркүйекте тұтқындалған, сол кезде Қаратөбе ауданында молда болған. 1937 жылғы 5 қарашада РСФСР ҚКның 58-2, 58-11-бабы бойынша БҚО УНКВД үштігі ату жазасына кескен. 1937 жылы 9 қарашада атылған. Орал облыстық прокуратурасының 1990 жылғы 20 наурыздағы қорытындысымен ақталған. (Қылмыстық ісі ҚР ІІМ арнайы архивінде сақталған).
Байтұрсынов Дәулетияр
- Аты-жөні: Байтұрсынов Дәулетияр
- Туған жері (ескі): Сырым ауданы
- Тұтқындағанға дейін тұрған жері: Қаратөбе ауданы
- Ұлты: Қазақ
- Діні: Ислам
- Діни лауазымы: имам әрі ишан
- Сотталған жылы, қандай бап бойынша, кім соттады: 1937 жылғы 5 қарашада РСФСР ҚКның 58-2, 58-11-бабы бойынша БҚО УНКВД үштігі ату жазасына кескен
- Дереккөз (құжат): (БҚОМА, №24 қор, №4 тізбе, №567 іс), (Қылмыстық ісі ҚР ІІМ арнайы архивінде сақталған)