112. Байшеркешов Мұстафа (1890-1954), Батыс Қазақстан облысы Тайпақ өңірі Базартөбе аумағындағы Мәулімберді мешіті қонысында туған, ұлты – қазақ. Руы – тана қалқаман. Белгілі дін ғұламасы Мәулімбердінің ұрпағы. Мәулімберді мешітінде сабақ берген. Орал губерналық «Қызыл ту» газетінің ауыл тілшісі. 1929 жылы 3 қаңтарда Тайпақ ауданының №9 ауылында ауылдық сайлау комиссиясының жиналысы шешімімен Мұстафа Байшеркешев «кісі еңбегін қанаушы», «пайда табу мақсатында адамды жалшылыққа пайдаланған», «бұрынғы молда» ретінде айыпталып, Қылмыстық кодекстің 13-бабы, «а», 14-бабы «м» тармақтары бойынша айыпталып, сайлау пұрсатынан айрылған. (БҚОМА,) 1937 жылғы 25қарашада РСФСР ҚК 58-10-бабы, 2 тармағы, 58-11-бабына сәйкес УНКВД-ның БҚО бойынша үштігі соттаған. 10 жылға еңбекпен түзеу жазасына кесілген. Ұрпақтары, туыстары түгел қудаланған.(Қылмыстық ісі БҚО ІІД арнайы архивінде сақталған).
Байшеркешов Мұстафа
- Аты-жөні: Байшеркешов Мұстафа
- Туған жері (ескі): Ақжайық ауданы
- Тұтқындағанға дейін тұрған жері: Батыс Қазақстан облысы Тайпақ өңірі Базартөбе аумағындағы Мәулімберді мешіті қонысы
- Ұлты: Қазақ
- Діні: Ислам
- Сотталған жылы, қандай бап бойынша, кім соттады: 1937 жылғы 25қарашада РСФСР ҚК 58-10-бабы, 2 тармағы, 58-11-бабына сәйкес УНКВД-ның БҚО бойынша үштігі соттаған
- Дереккөз (құжат): (Қылмыстық ісі БҚО ІІД арнайы архивінде сақталған)