125. Батырғалиев Мағаз – (1889-ө.ж.б.) имам, бұрынғы Жаңақала уезінен, РСФСР Конституциясының 65-бабы және ҚазОАК-тың 1925 жылғы 9 мамырдағы нұсқаулығы бойынша дін өкілі ретінде сайлау құқынан айырылған (БҚОМА, №24 қор, №4 тізбе, №567 іс); БҚО, Жаңақала ауданы №10 ауылда туған, білімі бастауыш, қызметі – БҚО, Қазталов ауданы Ордабай Еңбек ауылында мұғалім, 1937 жылы 29 сәуірде Қазталов халық соты 3 жылға еңбекпен түзеу лагеріне соттаған. 1938 жылы 22 шілдеде БҚО бойынша ІІХК губерналық басқармасы ақтаған (Қылмыстық іс БҚО ІІД арнайы архивінде сақтаулы)