133. Бекбаев Мұхамедшәріп (1869, бір деректе 1875-1937) – имам, бұрынғы Бөкей уезі Батырбек болысынан (Теңіз уезінің тізімінен де кездесті), РСФСР Конституциясының 65 бабы және ҚазОАК-тың 1925 жылғы 9 мамырдағы нұсқаулығы бойынша дін өкілі ретінде сайлау құқынан айырылған (БҚОМА, №24 қор, №4 тізбе, №567 іс); 1930 жылы 26 тамызда Гурьев округі Теңіз аудандық ОГПУ органы тұтқындаған. ОГПУ үштігінің үкімімен РСФСР ҚК-ның 58-10, 58-13-баптары бойынша айыпталып, 10 жылға сотталған. 1989 жылы 31 мамырда Гурьев облыстық прокуратурасы ақтаған (Қылмыстық ісі Қазақстан Республикасы ІІМ арнайы архивінде); Теңіз ауданы Гурьев округінің мухтасиб имамы болған. Белгілі Алашорда қайраткері Қуанай қазірет Қосдәулетұлымен бірге айыпталған. 1937 жылғы 5 желтоқсанда РСФСР ҚК 58-2-11 бабына сәйкес УНКВД-ның БҚО бойынша үштігі соттап, ату жазасына кесілген. (Қылмыстық ісі БҚО ІІД арнайы архивінде)