169. Бозов Әбдірахман (1882-1968) – имам, бұрынғы Бөкей уезі Жұмат болысынан. Қазіргі БҚО Жәнібек ауданы Күйгенкөл маңында туып-өскен. Руы – жаппас баймұрат. Ел-жұрт есімін атамай, «Әуен ата» атап кеткен. Келіні Әсияның айтуынша, Әуен ата 3 мәрте қажылыққа барған. Өлкетанушы Нұрлан Сәдіровтың мақаласында Әбдірахманның әкесі Боз қажыны (Баймұратұлы) жұма намазын оқып жатқан жерінен атып кеткені айтылады. (Н.Сәдіров, «Әуен деген әулие бар», «Орал өңірі» газеті, 2010 жыл 7 мамыр, №107 (19537), 12 бет); Ә.Бозов РСФСР Конституциясының 65-бабы және ҚазОАК-тың 1925 жылғы 9 мамырдағы нұсқаулығы бойынша дін өкілі ретінде сайлау құқынан айырылған (БҚОМА, №24 қор, №4 тізбе, №567 іс)
Бозов Әбдірахман
- Аты-жөні: Бозов Әбдірахман
- Туған жері (ескі): Бөкей ордасы ауданы
- Тұтқындағанға дейін тұрған жері: бұрынғы Бөкей уезі Жұмат болысы
- Ұлты: қазақ
- Діні: ислам
- Діни лауазымы: имам
- Сотталған жылы, қандай бап бойынша, кім соттады: РСФСР Конституциясының 65-бабы және ҚазОАК-тың 1925 жылғы 9 мамырдағы нұсқаулығы
- Дереккөз (құжат): БҚОМА, №24 қор, №4 тізбе, №567 іс