176. Бұқаұлы Батыр (Букеев, 1846-1932) – имам әрі ишан, Жымпиты уезі Қаракөл болысынан, РСФСР Конституциясының 65-бабы және ҚазОАК-тың 1925 жылғы 9 мамырдағы нұсқаулығы бойынша дін өкілі ретінде сайлау құқынан айырылған (БҚОМА, №24 қор, №4 тізбе, №567 іс), Батыр ишанның руы – ысық, қорлыбай. Қызылқоғаның Бүйрек құмында туып-өскен. Бірнеше мешіті болған, шәкірт оқытқан. Зираты Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мешіт деген жерде (дерек: М. Жұмағұлов «Бәйтерек. Кіші жүз Байұлы ысық руының шежіресі», Екінші кітап. Алматы, 2019