180. Бірімжаров Сипат (1882-1937) – БҚО Жаңақала ауданы №16 ауылында туған. Бұрынғы молда, бай, арабша сауатты. 1929/1930 жылдары «еңбексіз табыс тауып, кісі жалдағаны үшін байлар қатарына жатқызылып, кәнпескеленген. 1937 жылы 22 маусымда «Мұхтасиб Нығметолла Ибрагимовтің контрреволюциялық, антисоветтік діншіл-байшыл ұйымының мүшесі» ретінде тұтқындалған. Оған РСФСР ҚК-ның 58-10, 58-11-баптары бойынша айып тағылып, 1937 жылы 2 қыркүйекте БҚО НКВД үштігі ату жазасына кескен. 1989 жылы 16 қаңтарда БҚО прокуратурасы ақтаған. (Қылмыстық ісі БҚО ІІД арнайы архивінде сақталған)
Бірімжаров Сипат
- Аты-жөні: Бірімжаров Сипат
- Туған жылы: 1882-1937
- Туған жері (ескі): Жаңақала ауданы
- Тұтқындағанға дейін тұрған жері: БҚО Жаңақала ауданы №16 ауыл
- Ұлты: қазақ
- Діні: ислам
- Діни лауазымы: молда
- Сотталған жылы, қандай бап бойынша, кім соттады: РСФСР ҚК-ның 58-10, 58-11-баптары
- Дереккөз (құжат): Қылмыстық ісі БҚО ІІД арнайы архив