190. Ғазизов Харис (1890-1937) – Орынбор облысы Озерск поселкесінде туған, ұлты – татар. Өз мешіті болған. 1930 жылы 5 наурызда Заурал ауданы Подстепное селосынан ІІІ категория бойынша отбасымен бірге жер аударылған (БҚОМА, №392 қор, №1 тізбе, №131 қор); 1937 жылы 19 желтоқсанда «Медетов Нұриман басқарған контрреволюцияшыл бай-молда ұйымының мүшесі» ретінде тұтқындалған. Оған «антисоветтік үгіт-насихат таратты, астыртын панисламистік ұйымға мүше болды» деген (58-2, 58-11) айып тағылған. 1937 жылы 28 желтоқсанда НКВД «үштігі» ату жазасына кескен. 1964 жылы 31 наурызда БҚО соты ақтаған. (Қылмыстық іс БҚО ІІД апрнайы архивінде сақтаулы)