193. Ғайтмұхаметов Жармұхамед (Гаитмухамедов Ярмухамед, Жарман хазірет) – имам мұхтасиб, Жымпиты уезі Бұлдырты болысынан. Руы – ысық. РСФСР Конституциясының 65-бабы және ҚазОАК-тың 1925 жылғы 9 мамырдағы нұсқаулығы бойынша дін өкілі ретінде сайлау құқынан айырылған (БҚОМА, №24 қор, №4 тізбе, №567 іс); Жымпиты ауданы Сабынкөл ауылында хазірет (БҚОМА, №249 қор, №1 тізбе, №20 іс); Жарман хазіреттің мешіті Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылдық округі Жігерлен елді мекені маңында,Қалдығайты өзенінің жағасында1909 жылы салынған. Ол мешітті 1929 жылдары милиция қиратқан. Жарман хазіреттің өзі Ресейге қоныс аударып, Орынбор облысы Сухоречка деген жерде қайтыс болып, сонда жерленген. («Батыс Қазақстан аймағындағы әулиелік қорымдар: тарихы, тағылымы» монография/Ж.Мұханғалиева, А.Омарова. – Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ РБО, 2019)