201. Ғұбайдуллин Ғабдулахат (Әтеш ата, 1890-1978) – азаншы, бұрынғы Бөкей уезі Жәнібек болысынан, РСФСР Конституциясының 65-бабы және ҚазОАК-тың 1925 жылғы 9 мамырдағы нұсқаулығы бойынша дін өкілі ретінде сайлау құқынан айырылған (БҚОМА, №24 қор, №4 тізбе, №567 іс); Ала таңмен ерте тұратындығына орай жеңгелерінің қойған атымен «Әтеш ата» аталып кеткен Ғабдулахат Ғұбайдоллаұлын ел-жұрт әулие санайды. Совет үкіметі кезінде діншілдігіне орай қанша қудаланса да, өзінің ерекше қасиетімен, білімімен аман құтылып отырған. Ел-жұртқа көмегі көп тиген, бүгінде БҚО Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылындағы зираты халық түнейтін зиярат орны саналады. Әтеш атаның ерекше қасиеттері туралы журналист Ұлпан Жакинаның «Әулие» мақаласы шыққан («Орал өңірі» газеті, 2005 жыл, 7 мамыр)