221. Досалиев Қарағұл (1868-ө.ж.б.) – Жаңақала ауданы №6 ауыл азаматы, 1929 жылы 16 қаңтарда аудандық сайлау комиссиясының қаулысымен сайлау пұрсатынан айрылған. «Олар еңбек табысымен күн көрмейді, кісі еңбегін жалдайды. Одан бөлек, діни рәсімдермен (молдалықпен) айналысады. Оны дәлелдейтін ауылсоветтің анықтамасы бар. Сондықтан 13-баптың «а», 14-баптың «и» тармағын басшылыққа ала отырып, олардың сайлау құқығын қайтару туралы шағымын қанағаттандырудан бас тартылсын» делінген (БҚОМА, №392 қор, №1 тізбе, №39 іс, Документы по лишению граждан избирательных прав по Джангалинскому району, 57-бет). Досалиев Қарағұл Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының №1, 4, 6, 11 ауылдарында тұрған. 1931 жылы Орал округтік ГПУ қызметкерлері тұтқындап, соттаған. 1989 жылы 28 маусымда ақталған. (Қылмыстық ісі БҚО ІІД арнайы архивінде).