232. Досыбаев Үмбетәлі (Достыбаев, 1870-1937) – БҚО Жаңақала ауданы №8 ауылында туған. Бұрынғы бай, сауатты. 1930 жылы совет үкіметіне қарсы үгіт-насихаты үшін сотталып, жазасын өтеген. 1937 жылы 22 маусымда «Мұхтасиб Нығметолла Ибрагимовтің контрреволюциялық, антисоветтік діншіл-байшыл ұйымының мүшесі» ретінде тұтқындалған. Оған РСФСР ҚК-ның 58-10, 58-11-баптары бойынша айып тағылып, 1937 жылы 2 қыркүйекте БҚО НКВД үштігі ату жазасына кескен. 1989 жылы 16 қаңтарда БҚО прокуратурасы ақтаған. (Қылмыстық ісі БҚО ІІД арнайы архивінде сақталған)