233. Дуасов Лұқпан (Дүйісов, 1883-ө.ж.б.) – имам, Гурьев уезі Еспол болысынан, РСФСР Конституциясының 65-бабы және ҚазОАК-тың 1925 жылғы 9 мамырдағы нұсқаулығы бойынша дін өкілі ретінде сайлау құқынан айырылған (БҚОМА, №24 қор, №4 тізбе, №567 іс); Гурьев уезі №12 ауылда туған, қазақ, діни білімді. 1937 жылы 11 қыркүйекте тұтқындалған. 1937 жылы 30 желтоқсанда БҚО НКВД үштігі РСФСР ҚК-ның 58-10, 58-11-баптары бойынша айыптап, 10 жыл еңбекпен түзеу лагеріне кескен. 1988 жылы 19 желтоқсанда Гурьев облыстық сотының шешімімен ақталған. (Қылмыстық ісі Атырау облыстық ІІД арнайы архивінде сақталған)