254. Ермешев Ермұхамбет (1875-1943) – БҚО Қаратөбе ауданы Голощекин ауыл советінде туған. «Жаңаталап» колхозының мүшесі. Ғилман деген молдадан 4 жыл білім алған, молда. «Колхозшылар арасында антисоветтік үгітпен айналысып, дінді насихаттаған, емшілікпен айналысқан» деп айыпталып, 1937 жылы 24 ақпанда тұтқындалған. 58-10, 58-11-бап бойынша БҚО УНКВД «үштігі» 1937 жылы 28 желтоқсанда 10 жылға соттаған. Жазасын НКВД-ның Краснояр лагерінде (РФ, Краснояр өлкесі Канск қаласы) өтеген. 1943 жылы 3 ақпанда мерзімінен ерте босатылған. Бірақ елге жете алмай, ауырып қайтыс болған. Қызылорда қаласына 7 км Абай атындағы совхозда жерленген. (Бұл мәліметтер БҚО Қаратөбе аудандық мемлекеттік архивінде сақталған)