270. Есенғазиев Ахунғали (тізімде Иманғазиев болып қате жазылған, 1870-1953) – имам, Жымпиты уезі, Жымпиты болысынан, 1921 жылы Жымпиты ауданы ІІ Жымпиты болысы №1 ауылында молда (БҚОМА, №249 қор, №1 тізбе, №20 іс); РСФСР Конституциясының 65 бабы және ҚазОАК-тың 1925 жылғы 9 мамырдағы нұсқаулығы бойынша дін өкілі ретінде сайлау құқынан айырылған (БҚОМА, №24 қор, №4 тізбе, №567 іс); Жымпиты ауылына жақын Саралжын (Первомай) деген жерде мешіті болған, 1929 жылы қиратылған. Руы – байбақты Жауғашты Байсейіт. 1929 жылы 5 жылға сотталып, Орал түрмесінде отырған, отбасы Орынбор облысы Переволоцкий ауданына көшкен. Елге 1966 жылы оралған. (Дерек берген – немересі Есенғазиев Сүлеймен Хамитұлы)