272. Есенов Әбдірахман (Қарабалаұлы, 1881-ө.ж.б.) – имам әрі мушавир, Гурьев уезі Сарыкөл болысынан, РСФСР Конституциясының 65-бабы және ҚазОАК-тың 1925 жылғы 9 мамырдағы нұсқаулығы бойынша дін өкілі ретінде сайлау құқынан айырылған (БҚОМА, №24 қор, №4 тізбе, №567 іс); молда, діни қызметі үшін сотталған; Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы Қарабау ауылында туған, ұлты – қазақ, білімі діни, кәсібі молда. Тайпақ НКВД бөлімі 1937 жылы 9 қазанда Чапаев ауданы №5 ауылынан тұтқындаған. БҚО НКВД «үштігі» 1937 жылы 15 қарашада РСФСР ҚК-ның 58-10-бабы бойынша 10 жылға соттаған. БҚО прокуратурасы 1989 жылы 31 наурызда ақтаған. (Қылмыстық ісі БҚО ІІД арнайы архивінде сақталған).