285. Ешмұхамбетов Рахметолла (1873-1937) – Орал губарнасы Шыңғырлау ауданы Киров ауыл советінде туған. Әкесі екі мәрте қажыға барған. Орта діни білімі бар, бай-молда, қажы, жеке мешіт ұстаған. 1926 жылы Елек уезі Шілік болысы №2 ауылдағы Қурайлы мешіті кеңесінің мүшесі (БҚОМА, №24 қор, №1 тізбе, №81 іс). 1929 жылы астық салығын орындамағаны үшін мал-мүлкі тәркіленген. Өзі сотталудан қашып кеткен. 1935 жылы елге келіп, колхозға кірген. 1937 жылы 19 желтоқсанда «Медетов Нұриман басқарған контрреволюцияшыл бай-молда ұйымының мүшесі» ретінде тұтқындалған. Оған «антисоветтік үгіт-насихат таратты, астыртын панисламистік ұйымға мүше болды» деген (58-2, 58-11) айып тағылған. 1937 жылы 28 желтоқсанда НКВД «үштігі» ату жазасына кескен. 1964 жылы 30 наурызда БҚО соты ақтаған. (БҚО прокуратурасының анықтамасы. Қаратөбе аудандық мемлекет архиві қорынан)