291. Жазықбаев Мәкәрім (1889-1937) – бұрынғы молда, Хасан Нұрмұхамедов бастаған контрреволюциялық панисламистік топ мүшесі ретінде айыпталған. Орал губернасы Ілбішін уезі Калмыков болысының №18 ауылында туған, қазақ, руы – тана. Білімі арнайы орта, Қаратөбе ауданы Сәуле ауылындағы Жақсыбай мектебінде мұғалім болып қызмет еткен. 1937 жылы 10 шілде күні тұтқындалған. Оған РСФСР ҚК-ның 58-10, 58-11-баптары бойынша айып тағылып, БҚО НКВД үштігі 1937 жылы 30 қыркүйекте ату жазасына кескен, 2 қазанда атылған. БҚО прокуратурасы 1989 жылы 28 көкекте ақтаған. (Қылмыстық ісі БҚО ІІД арнайы архивінде сақталған). Өлкетанушы Қайыржан Хасановтың кітаптарында М.Жазықбаев пен оның ұрпақтары туралы мәлімет берілген. (Қ.Хасанов «Төлеген Иманғазиев», Орал, 2014)