292. Жазықбаев Мүсілім (1902-1937) – молданың баласы, Хасан Нұрмұхамедов бастаған панисламистік топ мүшесі ретінде айыпталған. БҚО Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылында тұрған. Мамандығы мұғалім. 1937 жылы 17 қыркүйек күні тұтқындалған. Оған РСФСР ҚК-ның 58-2, 58-11-баптары бойынша айып тағылып, БҚО НКВД үштігі 1937 жылы 30 қыркүйекте ату жазасына кескен. БҚО сотының алқасы 1957 жылы 31 қаңтарда ақтаған. (Қылмыстық ісі Қазақстан Республикасы ІІМ арнайы архивінде сақталған)