293. Жазықов Ғабдолла – имам, Бөкей уезі (бұрынғы Талов уезі) Жігер болысынан. Ахун Ғұмар Жазықовтың баласы. Мешіті Талов қисымы №2 ауылдағы Ашығали қанау деген жерде 1868 жылы тұрғызылған. Ғабдолла Жазықов Астрахань губерна басқармасының 1893 жылғы 3 наурыздағы №1040 шешімімен имамдыққа бекітілген (Башқұртстан Республикасы мемлекеттік архиві, №295 қор, №3 тізбе, №12700 іс, Ведомость о наличии мечетей, духовенства в них и прихожан по Ханской ставки на 1891 г.); РСФСР Конституциясының 65-бабы және ҚазОАК-тың 1925 жылғы 9 мамырдағы нұсқаулығы бойынша дін өкілі ретінде сайлау құқынан айырылған (БҚОМА, №24 қор, №4 тізбе, №567 іс)