329. Жәрдемалиев Қайыр (1893-1937) – бұрынғы Бөкейлік Талов ауданы 1 Талап ауылкеңесінде туған. Жастайынан қазақ молдаларынан, 1909-1910 жылдары Ғабдолғазиз Көбейұлы медресесінде, 1917-1918 жылдары Уфадағы Ғұсмания медресесінде оқыған. 1918 жылы Орда педагогикалық курсында оқып, 1918-1924 жылдары мектеп мұғалімі болып қызмет еткен. 1924-1925 жылдары Талөпке ауданы халыққа білім беру бөлімінің инспекторы, 1925-1927 жылдары коммуна мектебінің меңгерушісі, 1927-1928 жылдары Бөкей уездік білім бөлімінде әлеуметтік сала бойынша инспектор, 1929-1931 жылдары Сламихин (қазіргі Жалпақтал) шаруа жастар мектебінің (ШКМ) меңгерушісі, 1931-1933 жылдары Талөпке аудандық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі, 1934 жылы Орал қаласында 1 басқышты мектеп мұғалімдерін қайта даярлайтын курстың меңгерушісі, 1935 жылы БҚО Білім басқармасы жанынан ашылған орталау мектеп мұғалімдерін қайта даярлайтын жылжарымдық педкурстың директоры, 1936 жылы Орал қаласындағы №4 қазақ орта мектебі мұғалімі, 1936 жылы 10 шілдеден Ілбішін ауданындағы толық емес орта мектеп директоры қызметтерін атқарған. 1937 жылы 11 қыркүйекте «бұрынғы молда, контрреволюциялық ұлтшыл ұйым мүшесі» деп айыпталып, тұтқындалған. 1937 жылы 10 қазан күні БҚО НКВД үштігі ату жазасына кескен. БҚО соты алқасы 1957 жылы 31 қаңтарда ақтаған. (Қылмыстық ісі БҚО ІІД арнайы архивінде сақталған)