332. Жолалиев Шарап (1870-1959) – молда, Нарын (Бекетай) құмында туған. Руы, беріш, бесқасқа. Әкесі Жолалы да молда болған. Шарап Жолалыұлы «молданың баласы, әкесі емшілікпен айналысқан» деген айыппен Жаңақала түрмесіне бірнеше мәрте қамалған. Өзі де тірі кезінде ел ішінде өте беделді болған, талай керемет көрсеткен. Бүгінде Жаңақала ауданы Мортық ауылынан 25 км Жыра деген жердегі зиратына ел-жұрт зиярат етеді («Батыс Қазақстан аймағындағы әулиелік қорымдар: тарихы, тағылымы» монография/Ж.Мұханғалиева, А.Омарова. – Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ РБО, 2019)