344. Жұмағазиев Бекенияз (1888-1937) - Орал губернасы Шыңғырлау ауданы Сталин ауылсоветінде туған. Орта діни білімді. Бұрынғы атақты молда. 1937 жылы 19 желтоқсанда «Медетов Нұриман басқарған контрреволюцияшыл бай-молда ұйымының мүшесі» ретінде тұтқындалған. Оған «антисоветтік үгіт-насихат таратты, астыртын панисламистік ұйымға мүше болды» деген (58-2, 58-11) айып тағылған. 1937 жылы 28 желтоқсанда НКВД «үштігі» ату жазасына кескен. 1964 жылы 31 наурызда БҚО соты ақтаған. (Қылмыстық іс БҚО ІІД арнайы архивінде сақтаулы).