345. Жұмағазиев Исмағұл (1878-1937) – Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Қошқар селосында туған, қазақ. Бұрынғы бай-молда, репрессиядан қашқан бай тобының мүшесі. Бөрлі аудандық НКВД органы 1937 жылы 27 желтоқсанда тұтқындаған. «Халықтың діни сенімін, қараңғылығын пайдаланып, теріс үгіт-насихат таратқаны үшін» РСФСР ҚК-ның 58-10-бабымен айыпталған. 31 желтоқсанда БҚО НКВД үштігінің шешімімен ату жазасына кесіліп, сол күні атылған. 1989 жылы 26 көкекте БҚО прокуратурасының қорытындысымен ақталған. (Қылмыстық іс БҚО ІІД арнайы архивінде сақтаулы)