346. Жұмағазиев Өтеғұл (1884-1938) – Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданы Көздіғара ауылында туған. Қоға колхозының мүшесі, қазақ. Бұрынғы молда. 1938 жылы 12 шілдеде тұтқындалған. «Антисоветтік панисламдық, диверсиялық-зиянкес, террористік, бүлікшіл топ мүшесі» ретінде РСФСР ҚК-нің 58-2, 58-7, 58-8, 58-11-баптары бойынша айыпталған. 1938 жылы 29 қыркүйек күні БҚО НКВД үштігі ату жазасына кескен, 1 қарашада үкім орындалған. Орал облыстық соты 1971 жылы 24 қараша күні ақтаған. (Қылмыстық іс БҚО ІІД арнайы архивінде сақтаулы)