369. Ибрашев Қазмұқаш (1894-1937) – Батыс Қазақстан облысы Гурьев округінде туған. Ұлты-қазақ, білімі орта, балық техникумының қызметкері. Антисоветтік ұйымның белсенді мүшесі. Қуанай Қосдәулетов, Хасан Нұрмұхамедов бастаған контрреволюциялық панисламистік топ мүшесі ретінде М.Жазықбаев, Ж.Өтеғалиев, С.Исмағұлов, М.Айтқұлов, Қ.Тұриев, М.Шадманов, Ж.Нұрышев, Е.Неталиев, Н.Ибрагимов, Ғ. Байғұловтармен бірге айыпталып, 1937 жылы 22 көкекте тұтқындалған. 1937 жылы 30 қыркүйекте БҚО НКВД үштігі РСФСР ҚК-ның 58-2, 58-11-баптары бойынша айыптап, ату жазасына кескен. Гурьев облыстық сотының президиумы 1958 жылы 20желтоқсанда ақтаған. (Қылмыстық ісі Атырау облыстық ІІД арнайы архивінде сақталған)