386. Исатаев Жұмағали (1874-1937) – Орал губернасы Шыңғырлау ауданы Киров ауыл советінде туған. Бұрынғы бай, болыс, атқамінер. 1929 жылы астық дайындау жоспарын орындамағаны үшін мал-мүлкі тәркіленіп, жер аударылған. Орал-Елек теміржолы бойындағы Тузова стансасының №178 разъезінде тұрған. 1937 жылы 19 желтоқсанда «Медетов Нұриман басқарған контрреволюцияшыл бай-молда ұйымының мүшесі» ретінде тұтқындалған. Оған «антисоветтік үгіт-насихат таратты, астыртын панисламистік ұйымға мүше болды» деген (58-2, 58-11) айып тағылған. 1937 жылы 28 желтоқсанда НКВД «үштігі» ату жазасына кескен. 1964 жылы 31 наурызда БҚО соты ақтаған.