433. Қараш Ғұмар (1874-1921) – ақын, ағартушы, ойшыл, қазақ ұлттық баспасөзінің негізін салушылардың бірі, саяси қуғынсүргін құрбаны. Діни білімді Орал губернасы Сламихин қаласындағы ахун-молда Ғабдолла Ғалікеевтен, Уфа шаһарындағы молда Хайролла Ғұсмановтан, Қазан шаһарында молда Ғабдолғалам Салихұлы хазіреттен алған. Ол имамдық еткен Талов қисымы №1 старшындық (Оразақай ауылы) мешіті 1884 жылы салынып, 1886 жылдан жұмыс істеген. Ғұмар Қарашқа 1903 жылғы 18 ақпанда Астрахан уәлаяты хүкіметінің №637 нөмірлі бұйрығымен имам-хатиб әрі мударрис дәрежесі берілген. (Башқұртстан Республикасы мемлекеттік архиві, И-295 қор, №12 тізбе, №85 іс, «Метрическая книга 1909 год. №2316 Метрическая книга Астраханской губернии. Ведомоства Временного совета Таргынской части №1 старшинства»); Астрахань губерналық басқармасының 1903 жылғы 21 ақпандағы №637 шешімімен ахун атағын алған. (Башқұртстан Республикасы мемлекеттік архиві, И-295 қор, №2 тізбе, №1а іс, «Астрахань, Вятск, Нижегород, Рязан, Симбирск губерниялары мен бірқатар қалалардағы діни орындар және діни тұлғалар туралы ведомость»); 1910 жылы Орынбор қаласынан «Ойға келген пікірлерім», 1911 жылы Уфадан «Өрнек», 1913 жылы Қазан қаласынан «Бәдел хаж» атты діни-философиялық, зерттеу кітаптары шықты. 1911-1913 жылдары әуелі Ордада, кейін Орал қаласында шыққан «Қазақстан» газетіне басшылық жасайды. Өзінің туған жері Тіленшісай, Борсы жерінде мешіт ұстап, шәкірт тәрбиеледі. Патша үкіметі құлаған соң, 1917 жылы мамырда Ордада өткен Бөкей қазақтарының сиезіне қатысып, Мәскеуде өтетін І Жалпы ресейлік мұсылмандар сиезіне делегат болып сайланды. Сол жиында өткен муфти мен қази сайлауында Ғұмар Қараш Жалпы ресейлік мұсылмандар діни басқармасының (Орынбор мүфтилігі) қази (алты қазидың бірі) болып сайланады. 1917 жылдың маусымы мен 1918 жылдың наурызы аралығында діни басқарманың қази қызметін атқарған. 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен ІІ жалпы қазақ сиезіне қатысып, баяндама жасайды. Жалпықазақ сиезінде қазақ облыстарынан сайланған 5 қазидың бірі. 1918 жылдан совет билігінің күш алуына байланысты Ғұмар Қараш діни қызметін тастап, ағартушылыққа – ұлттық баспасөз бен білім саласына ден қояды. Ордада «Дұрыстық жолы» газетін, «Мұғалім» журналын шығарды. Халықты отырықшылыққа үндеп, өнер-білімге шақырды. 1921 жылы Ғұмар Қараш бандылардың қолынан қаза тапты. Кейінгі советтік цензура оны Алашорданың жыршы