440. Қарымсақов Ғабит (1875-1937) – Орал губернасы, Шыңғырлау ауданы, Ащысай ауылында туған. 1926 жылы Елек уезі Шілік болысы №5 ауылдағы Қарасу мешіті кеңесінің төрағасы (БҚОМА, №24 қор, №1 тізбе, №81 іс). Қажы, бай ретінде 1931 жылы кәнпескеленіп, Ресейге жер аударылған. Орынбор облысы Сол-Илецк (Тұзтөбе) ауданы, Линовский ауылында тұрған. 1937 жылы 19 желтоқсанда «Медетов Нұриман басқарған контрреволюцияшыл бай-молда ұйымының мүшесі» ретінде тұтқындалған. Оған «антисоветтік үгіт-насихат таратты, Ащысайға келіп, қарттарды жинап Құран оқыды, зиратқа барды, колхозшылар жұмысқа шықпай қалды» деген (58-2, 58-11) айып тағылған. 1937 жылы 28 желтоқсанда НКВД «үштігі» ату жазасына кескен. 1964 жылы 31 наурызда БҚО соты ақтаған. (Қылмыстық ісі БҚО ІІД арнайы архивінде сақталған).