460. Қонашев Ахмет (Құнанов, 1878-1937) – Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Сабынкөл ауылында туған. Білімі бастауыш, колхозшы. 1937 жылы 6 қазанда тұтқындалған. 1937 жылы 20 қазанда БҚО НКВД үштігі РСФСР ҚК-нің 58-2, 58-11- баптары бойынша айыптап, ату жазасына кескен. Қуанай Қосдәулетов бастаған контрреволюциялық, панисламистік, бүлікшіл топ мүшесі ретінде жазаланған. БҚО прокуратурасы 1989 жылы 26 көкекте ақтаған. (Қылмыстық ісі БҚО ІІД арнайы архивінде сақталған).