465. Қосдәулетұлы Қуанай (Косдаулетов Кунай-Ходжа, Кошдаулетов, 1860, кей деректе 1862-1937) – имам әрі ишан, Жымпиты уезі Өлеңті болысы №8 ауылында туған, РСФСР Конституциясының 65 бабы және ҚазОАК-тың 1925 жылғы 9 мамырдағы нұсқаулығы бойынша дін өкілі ретінде сайлау құқынан айырылған (БҚОМА, №24 қор, №4 тізбе, №567 іс); 1928 жылы Орал губернасының ең ірі 71 байы қатарында ІІ категория бойынша мал-мүлкі тәркіленіп, Жетісуға жер аударылған (ҚРОМА, №135 қор, 1 тізбе, №504 іс); ОГПУ 1929 жылы 28 қаңтарда Алматы облысында тұтқындаған. ОГПУ ерекше кеңесі 1929 жылы 10 мамырда РСФСР ҚК 58-10, 58-4 б. бойынша соттап, 3 жылға жер аударған. 1999 жылы 15 шілдеде Алматы обл. прокуратурасы ақтаған. (Қылмыстық ісі Алматы облыстық ІІМ арнайы архивінде); 1937 жылы 29 қазанда тұтқындалған, сол кезде Орал қаласында тұрған. 1937 жылғы 5 желтоқсанда УСФСР ҚК 58-2, 58-6, 58-7, 58-11-баптарына сәйкес УНКВД-ның БҚО бойынша үштігі сотталған. 1937 жылғы 7 желтоқсанда атылған. Батыс Қазақстан облыстық соты президиумының 1965 жылғы 27 қазандағы қаулысымен ақталған. (Қылмыстық ісі БҚО ІІД арнайы архивінде сақталған)