468. Қосқұлов Сүлеймен (1862-1937) – Орал губернасы Шыңғырлау ауданы Киров ауыл советінде туған. Бұрынғы молда, діни білімді, Құрайлы деген жерде өз мешіті болған. 1926 жылы Елек уезі Шілік болысы №2 ауылдағы Қурайлы мешіті кеңесінің төрағасы (БҚОМА, №24 қор, №1 тізбе, №81 іс). 1929 жылы мал-мүлкі тәркіленген, 1932 жылы 5 жылға сотталған. 1937 жылы 19 желтоқсанда «Медетов Нұриман басқарған контрреволюцияшыл бай-молда ұйымының мүшесі» ретінде тұтқындалған. Оған «антисоветтік үгіт-насихат таратты, астыртын панисламистік ұйымға мүше болды» деген (58-2, 58-11) айып тағылған. 1937 жылы 28 желтоқсанда НКВД «үштігі» ату жазасына кескен. 1964 жылы 31 наурызда БҚО соты ақтаған. (Қылмыстық ісі БҚО ІІД арнайы архивінде сақталған).