474. Қуанайұлы Зәкір (Мұхамед-Зәкір) (1906-1937) – 1906 жылы Орал облысы Жымпиты болысының Қосаба ауылында туған, қазақ, руы – байбақты түкіш. Мұхтасиб Қуанай хазірет Қосдәулетұлының баласы. 1937 жылы 29 қазанда тұтқындалған. 1937 жылғы 5 желтоқсанда РСФСР ҚК 58-2, 58-11-баптарына сәйкес УНКВД-ның БҚО бойынша үштігі сотталды. 1937 жылы 7 желтоқсанда атылған. Орал облыстық соты президиумының 1965 жылғы 27 қазандағы қаулысымен ақталған. (Қылмыстық ісі БҚО ІІД арнайы архивінде сақталған)