482. Құдайбергенов Алдаберген (тізімде Айдаберген болып жазылған) – хазірет, Батыс Қазақстан облысы Индер болысынан, РСФСР Конституциясының 65-бабы және ҚазОАК-тың 1925 жылғы 9 мамырдағы нұсқаулығы бойынша дін өкілі ретінде сайлау құқынан айырылған (БҚОМА, №24 қор, №4 тізбе, №567 іс); Дендер болысы №4 ауылында қазірет, 1927 жылғы сайлау уақытында дауысынан айырылған (БҚОМА, №249 қор, №1 тізім, №51 іс, «Материалы на лиц лишенных прав (араб. шрифт)»);