483. Құдайбергенов Жайлыбай – имам әрі ишан, Орал губернасы Жымпиты уезі Бұлдырты болысынан, РСФСР Конституциясының 65 бабы және ҚазОАК-тың 1925 жылғы 9 мамырдағы нұсқаулығы бойынша дін өкілі ретінде сайлау құқынан айырылған (БҚОМА, №24 қор, №4 тізбе, №567 іс); «Жайлыбай ишан 1930 жылдары өзін ұстайтынын біліп, Ресей жеріне көшіп кеткен. НКВД қызметкерлері әкесін ұстай алмай, баласы Нұрымды алып кеткен. Жайлыбай ишан 1947 жылы елге (Жымпитыға) жасырынып келіп кетіпті. Біздің үйде де түнде қонақ болып, сол кезде 6 жасар әкем көрген екен» дейді өлкетанушы Серік Зиятов.