493. Құлжұмыров Иманқұл (1868-1937) – Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданы Көздіғара ауылында туған. Ұлты қазақ, колхозшы. 1937 жылы 22 қазанда тұтқындалған. 1937 жылы 5 қарашада БҚО НКВД үштігі РСФСР ҚК-нің 58-2, 58-11-баптары бойынша айыптап, ату жазасына кескен. Қуанай Қосдәулетов бастаған контрреволюциялық, панисламистік, бүлікшіл топ мүшесі ретінде жазаланған. БҚО прокуратурасы 1989 жылы 20 наурызда ақтаған. (Қылмыстық ісі БҚО ІІД арнайы архивінде сақталған).
Құлжұмыров Иманқұл
- Аты-жөні: Құлжұмыров Иманқұл
- Туған жері (ескі): Сырым ауданы
- Тұтқындағанға дейін тұрған жері: Жымпиты ауданы Көздіғара ауылы
- Ұлты: Қазақ
- Діні: Ислам
- Сотталған жылы, қандай бап бойынша, кім соттады: 1937 жылы 30 қыркүйекте БҚО НКВД үштігі РСФСР ҚК-ның 58-2, 58-11 баптары
- Дереккөз (құжат): Қылмыстық ісі БҚО ІІД арнайы архивінде сақталған