497. Құлтеміров Байсары (1886-1938) – Батыс Қазақстан облысы, Жымпиты ауданы, Қособа ауыл кеңесінде туған. Қазақ, білімі бастауыш. 1938 жылы 10 ақпанда тұтқындалған. РСФСР ҚК-нің 58-2, 58-11-баптары бойынша жымпитылық контрреволюцияшыл панисламистік ұйым мүшесі ретінде айыпталып, 1938 жылы 14 ақпанда БҚО НКВД үштігінің шешімімен атылған. 1963 жылы 23 қазанда Батыс Қазақстан облыстық соты ақтаған. (Қылмыстық ісі БҚО ІІД арнайы архивінде сақталған);
Құлтеміров Байсары
- Аты-жөні: Құлтеміров Байсары
- Туған жері (ескі): Сырым ауданы
- Тұтқындағанға дейін тұрған жері: Жымпиты ауданы, Қособа ауыл кеңесі
- Ұлты: Қазақ
- Діні: Ислам
- Сотталған жылы, қандай бап бойынша, кім соттады: 1937 жылы 30 қыркүйекте БҚО НКВД үштігі РСФСР ҚК-ның 58-2, 58-11 баптары
- Дереккөз (құжат): Қылмыстық ісі БҚО ІІД арнайы архивінде сақталған