892. Ілиясов Қабаш (Қарамешер, 1873-ө.ж.б.) – имам, бұрынғы Бөкей уезі Жұмат болысынан, РСФСР Конституция-сының 65-бабы және ҚазОАК-тың 1925 жылғы 9 мамырдағы нұсқаулығы бойынша дін өкілі ретінде сайлау құқынан айырылған (БҚОМА, №24 қор, №4 тізбе, №567 іс); 1931 жылы 25 наурызда Орал ОГПУ органы қызметкерлері молдалығы үшін Күйгенкөл ауылында тұтқынға алған. Сол жылы 15 желтоқсанда босатқан. Туған жері БҚО, Жәнібек ауданы Айдекен ауылы деп көрсетілген.(Қылмыстық ісі Қазақстан Республикасы ІІМ арнайы архивінде сақталған).
Ілиясов Қабаш
- Аты-жөні: Ілиясов Қабаш
- Туған жері (ескі): Бөкей ордасы ауданы
- Тұтқындағанға дейін тұрған жері: бұрынғы Бөкей уезі Жұмат болысы
- Ұлты: Қазақ
- Діні: Ислам
- Діни лауазымы: имам
- Сотталған жылы, қандай бап бойынша, кім соттады: РСФСР Конст 65-бабы және ҚазОАК тың 1925 жылғы 9 мамырдағы нұсқаулығы
- Дереккөз (құжат): Қылмыстық ісі БҚО ІІД арнайы архивінде сақталған