885. Ыдырысқалиев Ғалым (1898-1992) - Нарын құмында дүниеге келген. Молданың баласы. Өзі де діни сауатты болған. Туыстарының дерегінше, колхозға кірмегені үшін мал-мүлкін кәнпескелеп, 5 жылға соттаған. Беломор-Балтық еңбекпен түзеу лагеріне жіберілген. Кейін соғыс басталғанда майданға алынған. ҰОС-ның ардагері. Ғалым Ыдырысқалиев ел аузындағы әдебиет үлгілерін, шежірелерді және репрессияға ұшыраған ақындардың шығармаларын жинап, жазып қалдырған. Қолжазба мұралары ұрпақтарының қолында сақталған;