884. Ыдырысқалиұлы Мұқан (1873-1961) – Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы №12 ауылда туған, ұлты қазақ, білімі бастауыш діни, кәсібі молда. Атасы Өтеғали Зорбайұлы да, әкесі Ыдырысқали Өтеғалиұлы (1847-1918) да указной молда болған, Ішкі орда Қамыс Самар қисымының №10 ауылында мешіт ұстаған. Совет үкіметі келген соң Мұқан Ыдырысқалиұлы Тасқала өңіріне қоныс аударған. 1931 жылы БҚО Камен (Тасқала) учаскелік халық соты «бұрынғы молданың баласы» деп айыптап, 2 жыл түрме, 4 жыл жер аударуға кескен. Ұзақ жыл Ресей жеріне кетуге мәжбүр болған. Баласы Ғалым Ыдырысқалиев, Зейнолла Мұқановтар да қудаланған. (Репрессия тізімінде жоқ, БҚОМА, дауыссыздар ісінде);
Ыдырысқалиұлы Мұқан
- Аты-жөні: Ыдырысқалиұлы Мұқан
- Туған жылы: 1873-1961
- Туған жері (ескі): Жаңақала ауданы
- Тұтқындағанға дейін тұрған жері: Жаңақала ауданы №12 ауыл
- Ұлты: Қазақ
- Діні: Ислам
- Діни лауазымы: Молда