877. Шонайбеков Мырзағали (Чанайбеков) – имам-ахун, бұрынғы Бөкей уезі Қалмақ болысынан. Астрахань губерналық басқармасының 1885 жылғы 8-ақпандағы бұйрығымен Ішкі қазақ ордасы Қалмақ қисымы №2 ауылдағы Қарақой мешітіне имам болып бекітілген (Башқұртстан Республикасының Мемлекеттік архиві, №295 қор, №3 тізбе, №12700 іс, Ведомость о наличии мечетей, духовенство в ней и прихожан по Ханской ставки за 1891 г.); РСФСР Конституциясының 65-бабы және ҚазОАК-тың 1925 жылғы 9 мамырдағы нұсқаулығы бойынша дін өкілі ретінде сайлау құқынан айырылған (БҚОМА, №24 қор, №4 тізбе, №567 іс)
Шонайбеков Мырзағали
- Аты-жөні: Шонайбеков Мырзағали
- Туған жері (ескі): Бөкей ордасы ауданы
- Тұтқындағанға дейін тұрған жері: Бөкей уезі Қалмақ болысы
- Ұлты: Қазақ
- Діні: Ислам
- Діни лауазымы: имам-ахун
- Сотталған жылы, қандай бап бойынша, кім соттады: РСФСР Конст 65-бабы және ҚазОАК тың 1925 жылғы 9 мамырдағы нұсқаулығы
- Дереккөз (құжат): (БҚОМА, №24 қор, №4 тізбе, №567 іс)