863. Шадманов Мереке (1900-1937) - Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданы Ворошилов ауыл советінде туған. Ұлты қазақ, білімі бастауыш, бригадир. Молданың баласы. Қуанай Қосдәулетов, Хасан Нұрмұхамедов бастаған контрреволюциялық панисламистік топ мүшесі» ретінде М.Жазықбаев, Ж.Өтеғалиев, Қ.Тұриев, С.Исмағұлов, М.Айтқұлов, Қ.Ибрашев, Ж.Нұрышев, Е.Неталиев, Н.Ибрагимов, Ғ.Байғұловтармен бірге айыпталып, 1937 жылы 31 тамызда тұтқындалған. 1937 жылы 30 қыркүйекте БҚО НКВД үштігі РСФСР ҚК-нің 58-2, 58-11-баптары бойынша айыптап, ату жазасына кескен. БҚО прокуратурасы 1989 жылы 28 көкекте ақтаған. (Қылмыстық ісі БҚО ІІД арнайы архивінде сақталған).
Шадманов Мереке
- Аты-жөні: Шадманов Мереке
- Туған жері (ескі): Ақжайық ауданы
- Туған жері: Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданы Ворошилов ауыл советі
- Тұтқындағанға дейін тұрған жері: Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданы Ворошилов ауыл советі
- Ұлты: Қазақ
- Діні: Ислам
- Сотталған жылы, қандай бап бойынша, кім соттады: 1937 жылы 30 қыркүйекте БҚО НКВД үштігі РСФСР ҚК-нің 58-2, 58-11-баптары бойынша
- Дереккөз (құжат): (Қылмыстық іс БҚО ІІД арнайы архивінде сақталған)