854. Хайрутдинов Камал (1877-1937) – Орал губернасы Шыңғырлау ауданы Исаев ауылсоветінде туған. Орта діни білімді. Ірі бай, Сұлукөл ауылында мешіт ұстаған. 1926 жылы Елек уезі Лубен болысы №9 ауылдағы Сарман мешіті кеңесінің төрағасы (БҚОМА, №24 қор, №1 тізбе, №81 іс). 1930 жылы молда ретінде тәркіленген. 1937 жылы 19 желтоқсанда «Медетов Нұриман басқарған контрреволюцияшыл бай-молда ұйымының мүшесі» ретінде тұтқындалған. Оған «антисоветтік үгіт-насихат таратты, астыртын панисламистік ұйымға мүше болды» деген (58-2, 58-11) айып тағылған. 1937 жылы 28 желтоқсанда НКВД «үштігі» ату жазасына кескен. 1964 жылы 31 наурызда БҚО соты ақтаған. (Қылмыстық ісі БҚО ІІД арнайы архивінде сақтаулы).
Хайрутдинов Камал
- Аты-жөні: Хайрутдинов Камал
- Туған жері (ескі): Ақжайық ауданы
- Туған жері: Орал губернасы Шыңғырлау ауданы Исаев ауылсоветі
- Тұтқындағанға дейін тұрған жері: Елек уезі Лубен болысы №9 ауыл
- Ұлты: Қазақ
- Діні: Ислам
- Діни лауазымы: имам
- Сотталған жылы, қандай бап бойынша, кім соттады: 1937 жылы 30 қыркүйекте БҚО НКВД үштігі РСФСР ҚК-ның 58-2, 58-11 баптары
- Дереккөз (құжат): (Қылмыстық іс БҚО ІІД арнайы архивінде сақталған)