841. Файзуллин Бермұхамед (1895-1937) - Орал губернасы Шыңғырлау ауданы Ежов ауылсоветінде туған. Ауыл мектебін бітірген, бұрынғы бай. 1929 жылы сот тергеуінде болған. 1937 жылы 19 желтоқсанда «Медетов Нұриман басқарған контрреволюцияшыл бай-молда ұйымының мүшесі» ретінде тұтқындалған. Оған «антисоветтік үгіт-насихат таратты, астыртын панисламистік ұйымға мүше болды» деген (58-2, 58-11) айып тағылған. 1937 жылы 28 желтоқсанда НКВД «үштігі» ату жазасына кескен. 1964 жылы 31 наурызда БҚО соты ақтаған. (Қылмыстық іс БҚО ІІД арнайы архивінде сақталған).
Файзуллин Бермұхамед
- Аты-жөні: Файзуллин Бермұхамед
- Туған жері (ескі): Ақжайық ауданы
- Туған жері: Орал губернасы Шыңғырлау ауданы Ежов ауылсоветі
- Тұтқындағанға дейін тұрған жері: Орал губернасы Шыңғырлау ауданы Ежов ауылсоветі
- Ұлты: Қазақ
- Діні: Ислам
- Сотталған жылы, қандай бап бойынша, кім соттады: 1937 жылы 30 қыркүйекте БҚО НКВД үштігі РСФСР ҚК-ның 58-2, 58-11 баптары
- Дереккөз (құжат): Қылмыстық ісі БҚО ІІД арнайы архивінде сақталған