838. Үмбеталин Бекмұхамед (Имбитарин Бикмухамед, Умбеталиев, 1869, кей деректе 1870-1937) – имам әрі ишан, Жымпиты уезі Дуана болысынан, РСФСР Конституциясының 65 бабы және ҚазОАК-тың 1925 жылғы 9 мамырдағы нұсқаулығы бойынша дін өкілі ретінде сайлау құқынан айырылған (БҚОМА, №24 қор, №4 тізбе, №567 іс); Үмбеталиев Бекмұхамед, 1870 жылы БҚО Ілбішін ауданында Сенім үшін сергелдең 163 (бір деректе 1869 жылы Орал округі Шалқар ауданы №7 ауылда) туған, ұлты татар (бір деректе қазақ), тұтқындалғанға дейін Орал қаласында тұрған. 1937 жылы 18 желтоқсанда тұтқындалып, РСФСР ҚК-ның 58-10, 58-11 баптарымен айыпталған. 1937 жылы 25 желтоқсанда БҚО НКВД үштігі ату жазасына кескен. 1957 жылы 26 көкекте Оңтүстік Орал Әскери округінің Әскери трибуналы ақтаған. (Қылмыстық іс Алматы облыстық ІІД арнайы архивінде сақталған);
Үмбеталин Бекмұхамед
- Аты-жөні: Үмбеталин Бекмұхамед
- Туған жері (ескі): Ақжайық ауданы
- Туған жері: Жымпиты уезі Дуана болысы
- Тұтқындағанға дейін тұрған жері: Жымпиты уезі Дуана болысы
- Ұлты: Қазақ
- Діні: Ислам
- Діни лауазымы: имам әрі ишан
- Сотталған жылы, қандай бап бойынша, кім соттады: РСФСР Конст 65-бабы және ҚазОАК тың 1925 жылғы 9 мамырдағы нұсқаулығы
- Дереккөз (құжат): (БҚОМА, №24 қор, №4 тізбе, №567 іс)