835. Ұқашев Аманқұл (Укашев, 1887-1937) - Орал губернасы Қаратөбе ауданында туған. Бұрынғы молда-хазірет. 1931 жылы 58-10-бабы бойынша ату жазасына кесілген, үкім Жоғарғы сотта бұзылған. Жер аударылып, Орынбор облысы Боранды ауданы Новоилецк ауылында тұрған. 1937 жылы 19 желтоқсанда «Медетов Нұриман басқарған контрреволюцияшыл бай-молда ұйымының мүшесі» ретінде тұтқындалған. Оған «антисоветтік үгіт-насихат таратты, астыртын панисламистік ұйымға мүше болды» деген (58-2, 58-11) айып тағылған. 1937 жылы 28 желтоқсанда НКВД «үштігі» ату жазасына кескен. 1964 жылы 31 наурызда БҚО соты ақтаған. (Қылмыстық іс БҚО ІІД арнайы архивінде сақталған)
Ұқашев Аманқұл
- Аты-жөні: Ұқашев Аманқұл
- Туған жері (ескі): Ақжайық ауданы
- Туған жері: Орал губернасы Қаратөбе ауданы
- Тұтқындағанға дейін тұрған жері: Орынбор облысы Боранды ауданы Новоилецк ауылы
- Ұлты: Қазақ
- Діні: Ислам
- Діни лауазымы: молда-хазірет
- Сотталған жылы, қандай бап бойынша, кім соттады: РСФСР Конст 65-бабы және ҚазОАК тың 1925 жылғы 9 мамырдағы нұсқаулығы
- Дереккөз (құжат): (БҚОМА, №24 қор, №4 тізбе, №567 іс)