829. Тұрсынұлы Лұқпан (1880, бір деректе 1885-1971, Орал қаласы) – мұхтасиб, Бөкей уезі бұрынғы Бостандық болысынан, РСФСР Конституциясының 65-бабы және ҚазОАК-тың 1925 жылғы 9 мамырдағы нұсқаулығы бойынша дін өкілі ретінде сайлау құқынан айырылған (БҚОМА, №24 қор, №4 тізбе, №567 іс); мешіт молдасы, діни қызметі үшін 14-бап бойынша сайлау құқынан айырылған (БҚОМА, №392 қор, №1 тізбе, №116 іс, Талов ауданы бойынша сайлау құқынан айыру жөніндегі құжаттар); Ұрпақтарының дерегінше, Т.Лұқпанов 1929 жылы орыс жеріне көшіп кетуге мәжбүр болған. 1943 жылы Орта Азия мұсылмандары діни басқармасы құрылып, дінге жеңілдік берілген кезде Лұқпан Тұрсынов Қазақстанға үш қазидың бірі ретінде қызметке шақырылған. 1943 жылы Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Қазақстан мұсылмандары мен Діни сиез өкілдері атынан Сталинге хат жолдап, діндарларды Германияға қарсы соғысқа үндеген хатқа Лұқпан Тұрсынов «Батыс Қазақстанның мұхтасибі» деп қол қойған. (Ресей Федерациясының мемлекеттік архиві - GARF, №6991s қор, №3s тізбе, №6 іс, 34-36-беттер - https://islamperspectives. Сенім үшін сергелдең 161 org/rpi/items/show/19566) Осыдан кейін кешікпей Л.Тұрсынов шетелдік іссапарға жіберілген сияқты. «Моңғол Халық Республикасы астанасы Ұлан-Батырдан 800 км жерде 2 мыңдай қазақ тұрады екен. Біздің Одақтан молда сұратыпты. Ташкенттегі бас мүфти Ишан Бабахан орыс жерінен Лұқпан ағайды шақыртып, Моңғолияға баруға келісімін алып, Мәскеуге, Кремльге жіберіп, онда Жоғарғы Совет Төрағасы Калинин, хатшысы Горькидің қабылдауында болып, молда ақам мен жеңгей екеуіне төлқұжат жасап берген. Моңғолияда 1942-1952 жылдары молда болып мешіт ұстап, медресе ашып, үгіт-насихат жүргізген» деп жазады Л.Тұрсыновтың немере інісі Ғабдылхан Шәкуов. Лұқпан Тұрсынов 1953 жылдан Алматы қаласында Қазақстан қазиы Сәдуақас Ғылманимен бір үйде, көрші тұрған. 1946 жылы Мәскеуде өткен мұсылман дінбасыларының сиезіне Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының мүшесі ретінде қатысқан. 1948 жылы 14 желтоқсанда өткен ОАМДБ І құрылтайының III пленумына Қазақстан атынан қатысқан 3 қазидың бірі. 1954 жылы 1 ақпанда өткен ОАМДБ ІІ құрылтайының III пленумында пленум мүшесі. 1966 жылға дейін Алматы мешітінің имамы болып қызмет еткен. Жасы ұлғайған соң Орал қаласына көшіп келіп, 1971 жылы 30 наурызда қайтыс болған.