827. Тұриев Қуаныш (1872-1937) - Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданында Көздіғара ауылсоветінде туған. «Бұрынғы бай, болыс баласы ретінде сотталған, Хасан Нұрмұхамедов бастаған контрреволюциялық панисламистік топ мүшесі» ретінде М.Жазықбаев, С.Исмағұлов, М.Айтқұлов, М.Шадманов, Қ.Ибрашев, Ж.Нұрышев, Е.Неталиев, Н.Ибрагимов, Ғ.Байғұловтармен бірге 1937 жылы 25 қыркүйекте тұтқындалған. РСФСР ҚК-ның 58-2, 58-7- бабымен айыпталып, 1938 жылы 30 қыркүйекте БҚО УНКВД «үштігі» ату жазасына кескен. 1998 жылы 10 мамырда БҚО прокуратурасы ақтаған. (Қылмыстық ісі БҚО ІІД арнайы архивінде сақталған)
Тұриев Қуаныш
- Аты-жөні: Тұриев Қуаныш
- Туған жері (ескі): Ақжайық ауданы
- Туған жері: Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданында Көздіғара ауылсоветі
- Тұтқындағанға дейін тұрған жері: Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданында Көздіғара ауылсоветі
- Ұлты: қазақ
- Діні: ислам
- Сотталған жылы, қандай бап бойынша, кім соттады: РСФСР ҚК-ның 58-2, 58-7- бабы
- Дереккөз (құжат): Қылмыстық ісі БҚО ІІД арнайы архивінде сақталған