825. Тұлбаев Мұхамед-Ғариф Ғабдырахибұлы (1876, кей деректе 1878, Орал қаласы-ө.ж.б. Өзбекстан) – татар, жоғары діни білімді. Санкт-Петербург, Стамбұл қалаларында оқыған. 1908-1930 жылдар аралығында Орал қаласында №2 мешіт («Қызыл мешіт») имамы болып қызмет еткен. Орал қаласында «Рахибия» медресесін ұстаған Ғабдул-Рахиб Тұлбаевтың баласы. М.Тұлбаев РСФСР Конституциясының 65-бабы және ҚазОАК-тың 1925 жылғы 9 мамырдағы нұсқаулығы бойынша дін өкілі ретінде сайлау құқынан айырылған (БҚОМА, №24 қор, №4 тізбе, №567 іс); молдалығы үшін қуғындалған; 1940 жылы 19 қарашада Орал қаласында медицина институтында қарауыл-күзетші қызметінде жүргенде тұтқындалып, РСФСР Қылмыстық Кодексі 58-10 бабымен 1941 жылы 21 мамырда Өзбекстан-ның Үргеніш қаласына 5 жылға жер аудару жазасына кесілген. Сол жақта қайтыс болған; 1964 жылы 16 қарашада БҚО облыстық соты ақтаған (Ісі БҚО Ішкі істер департа-ментінің арнайы архивінде сақтаулы); 2006 жылы қайта қалпына келтірілген «Қызыл мешітке» Мұхамед-Ғариф Тұлбаевтың есімі берілді.
Тұлбаев Мұхамед-Ғариф Ғабдырахибұлы
- Аты-жөні: Тұлбаев Мұхамед-Ғариф Ғабдырахибұлы
- Туған жылы: 1876, кей деректе 1878
- Туған жері (ескі): Ақжайық ауданы
- Туған жері: Орал қаласы
- Тұтқындағанға дейін тұрған жері: Орал қаласы
- Ұлты: татар
- Діні: ислам
- Діни лауазымы: имам
- Сотталған жылы, қандай бап бойынша, кім соттады: РСФСР Қылмыстық Кодексі 58-10 бабы
- Дереккөз (құжат): Ісі БҚО Ішкі істер департа-ментінің арнайы архивінде сақтаулы