824. Тұлбаев Ғабдул-Рахиб (1841, Орынбор облысы, Дусмат селосы–ө.ж.б. Орынбор облысы) діни білімді Орал қаласында, кейін Қашғарда алған. 1864 жылдан бастап 55 жыл бойы үздіксіз Орал қаласындағы қызыл мешіттің имамы қызметін атқарған. Халық арасында «Қайран хазірет» атанған. Ол негізін қалаған «Рахибия» медресесінде 140 шәкірт татар, қазақ балалары білім алған. 1919 жылы большевиктердің қысымымен Орынбор облысы Баширов селосына қоныс аударып, сол жерде қайтыс болған. (Дереккөз: «Имамы Уральской Красноймечети» - Каримов Т.А. г.Астана)
Тұлбаев Ғабдул-Рахиб
- Аты-жөні: Тұлбаев Ғабдул-Рахиб
- Туған жылы: 1841
- Туған жері (ескі): Ақжайық ауданы
- Туған жері: Орынбор облысы, Дусмат селосы
- Тұтқындағанға дейін тұрған жері: Орал қаласы
- Діні: ислам
- Діни лауазымы: имам
- Дереккөз (құжат): Дереккөз: «Имамы Уральской Красноймечети» - Каримов Т.А. г.Астана